Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі жарасады": актер Дәурен Серғазин тойда бидің түбін түсірді (видео)

Опубликовано:

Дәурен Серғазин
Дәурен Серғазин. Фото: instagram.com/dauren_sergazin

Отандық актер Дәурен Серғазиннің той төрінде белгісіз арумен жарыса билеген сәті желіге тарады. Танымал актердің бидің түбін түсірген сәті көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің видеосы TikTok желісінде тарады.

Видеодан мейрамхана ортасында актер мен қызыл көйлекті арудың билеген сәтін байқауға болады. Би соңында Дәурен Серғазин бойжеткенді көтеріп, айналдырады.

Сонымен қатар видеодан осы сәтті мейрамханаға жиналған қонақтардың барлығы камераға түсіріп, қошеметтеп тұрғанын көруге болады.

Ал желі қолданушылары актердің нағыз бишілерден артық билеген қимылына тәнті болды.

"Керемет", "Осы актер қатты ұнайды", "Бір артық қылығы жоқ", "Өзіне бәрі жарасады", "Бұл кісіні "Алдар көсе" арқылы танып едім", "Нағыз талантты жігіт екен ғой", "Тума талант", "Өнерлі жігіт", "Жарайсыз", "Барлық қылығы жарасымды", - деп пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023544-bari-zarasady-akter-dauren-sergazinnin-toidagy-bii-kopsilikti-tangaldyrdy-video/