Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Продюсер Жан Мұқанов жеті бала сыйлаған әйелін қалай еркелететінін айтты

Опубликовано:

Жан Мұқанов
Жан Мұқанов. Фото: instagram.com/impresario.tv

Жеті балалы продюсер Жан Мұқанов әйелімен қарым-қатынасы жайлы құпиясын бөлісті. "Ұрпақ" подкастында өнер иесі әйелін ұзатып әкелген күннен бастап өз есімімен атамай, еркелететінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз - Солтүстіктенбіз, әйелім - Тараздыкі. Ол кезде Алматыда тұрамыз. Ұзатылып келгеннен кейін, таңертең таңғы 6-да тұрып, орамал тағып, халат киіп, қызметіне кірісіп жатыр. Анамның сол уақытта жалғыз келіні ғой. Анам "Перизат, орамал тағып, халат киіп алыпсың. Біздің үйде ондай жоқ. Біз заманауи адамдармыз. Таңертең орамал таққың келсе - тақ, халат кигің келсе - ки, сәлем салғың келсе - сал. Бірақ сенен оны сұрап жатқан жоқпын. Көріп тұрсың ғой, өз басымда орамал жоқ" деді. Анам үнемі шашын сәндеп, әдеміленіп жүретін. Тіпті халатпен шықпайтын. Содан кейін әйелім бір күн ғана келін болып, орамал тақты, халат киді.

Бірінші күннен "моя львица" (қаншыр, арыстанның ұрғашысы - ред.) болып кетті. Негізі есімі - Перизат. Әдемі есімі бар. Екеуіміз бір-біріміздің есімімізді атамаймыз. Тек ренжісіп қалғанда есімімізді айтамыз", - деді Жан Мұқанов.

Айта кетейік, осыған дейін Жан Мұқанов үйінің тұңғышы болғандықтан, үлкен әжесінің қолында өскенін айтты. Өнер иесі әкесін 18 жасына дейін жек көргенін баяндап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031000-prodyuser-zan-muqanov-zeti-bala-syilagan-aielin-qalai-erkeletetinin-aitty/

pixel