Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жантебірентерлік жазба арнады
Жарияланған күні:

Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жазба арнады. Өнер иесі өмірде болса, ұлының биыл екі жасқа толатынын айтып, өкінішін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін менің батырымның туған күні. Жанымызда болсаң, екі жасқа толар едің. Батырым! Қошақаным! Тәп-тәтті болған қара томпағым. Сені бір иіскеп, сүйіп, қатты құшақтап алсам ғой", - деп жазды Асылхан Төлепов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, актердің кішкентай ұлы былтырғы жылы наурыз айында шетінеп кеткен болатын.
Кейін Төлеповтің әйелі баласының өліміне қатысты алғаш рет пікір білдіріп, бұл жайлы дәрігерлердің ескерткенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2031090-asylxan-tolepov-omirden-otken-ulyna-zantebirenterlik-zazba-arnady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 2
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Мен де баламды катты сагындым. 6айында шетинеп кетти. Коз алдымда. Суретине карап унсиз егилип жылап алам. Казир томпандап жугирип журер еди. Озегинди ортейтин окиниш кана. Сагыныш дегеннин не екенин уктырган балапаным.
sholpan12345
Балам қамықпа алла беремін тауыспасын ол періште болып ұшып кетті кейін анау дүниеде ата анам келді деп жамандыққа жібермей қорғап тұрады екен менің жасым алпыстан асты осыдан жиырма алты жыл бұрын қызым төрт айлығында шетіне генде үлкендер мені осылай жұбатқан бастысы денің сау өмірің ғұмырлы болсын бір алла жар болсыннн балам
Жадыраa