Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Асылхан Төлепов
Асылхан Төлепов. Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жазба арнады. Өнер иесі өмірде болса, ұлының биыл екі жасқа толатынын айтып, өкінішін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін менің батырымның туған күні. Жанымызда болсаң, екі жасқа толар едің. Батырым! Қошақаным! Тәп-тәтті болған қара томпағым. Сені бір иіскеп, сүйіп, қатты құшақтап алсам ғой", - деп жазды Асылхан Төлепов Instagram парақшасында.

Асылхан Төлепов сторис
Асылхан Төлепов сторис. Скриншот: instagram.com/assylkhantolepov

Айта кетейік, актердің кішкентай ұлы былтырғы жылы наурыз айында шетінеп кеткен болатын.

Кейін Төлеповтің әйелі баласының өліміне қатысты алғаш рет пікір білдіріп, бұл жайлы дәрігерлердің ескерткенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031090-asylxan-tolepov-omirden-otken-ulyna-zantebirenterlik-zazba-arnady/

pixel