Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Damelya Sweet анасының қатерлі ісікке шалдыққан кезін еске алды

Опубликовано:

Damelya Sweet
Damelya Sweet. Фото: Ләйлә Сұлтанқызы бағдарламасынан

Танымал блогер Damelya Sweet анасының қатерлі ісікке шалдыққан кезін еске алды. Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасында блогер жан сырын ақтарып, отбасы жайлы құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анам 2014 жылы қатерлі ісікпен ауырып қалды. Сүт безінің қатерлі ісігі еді. Біз бірден Сеулге барамыз деп шештік. Анам екінші химиотерапияны қабылдағанда, мені алып барды. Біз ешқашан мұндай жағдайға тап болмағанбыз. Мен бірдей есейдім. Бірден қатерлі ісіктің үшінші кезеңі екен. Біріншісінде анам әпкеммен барса, екінші химиотерапияға менімен барғысы келді.

Қатты қиын болды. Анам қатты ауырғанда, мен музыкамен айналыса бастадым. Мен тұйықталып қалдым. Сол кезде университет таңдау керек, 11 сынып еді. Кішкентай болып, осы сынақты көрдім. Қазіргі таңда анамда ремиссия. Ең қиыны, анамның ауырғаны емес, оның ауырмаған түр жасағаны. Мені 43 жасында өмірге әкелген. Сондықтан бұл жағдайды маған көрсетпеуге тырысты. Анам "Бірнәрсе болып қалса, қоржының дайын. Тәтеңе айттым. Ол бәрін біледі" дейтін. Анамның осы сөзі жүрегіме бататын. Әкемнің өзгеріп кеткенін көру қиын болды. Қатты әзілдеспеуге, қатты күлмеуге тырысатынбыз. Бәріміз анам жайлы ойлаймыз. Бірақ менің анам мықты", - деді Damelya Sweet.

Айта кетейік, осыған дейін Damelya Sweet желіге тараған Айжан Байзақованың інісімен түскен видеосына түсініктеме берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031239-bloger-damelya-sweet-anasynyn-qaterli-isikke-saldyqqan-kezin-eske-aldy/

pixel