"Дос-Мұқасанның" негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті
Жарияланған күні:

Атақты "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті. Ол ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі әрі топтың барабаншысы болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қайғылы хабарды "Дос-Мұқасан" ансамблі Instagram парақшасында хабарлады.
"Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі әрі топтың барабаншысы еді. "Дос-Мұқасан" ансамблі марқұмның балалары, жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.
Ол біздің жадымызда мәңгі сақталады. Топырағы торқа болсын", - деп жазды "Дос-Мұқасан" ансамблі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031279-dos-muqasannyn-negizin-qalausylardyn-biri-aleksandr-litvinov-omirden-otti/