Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Репертуарында 15-тей қазақ әні бар кореялық әнші Сон Вон Соб Шәмшінің әндерін корей тілінде шырқайды (видео)

Опубликовано:

Кореялық әнші Сон Вон Соб
Кореялық әнші Сон Вон Соб. Видеодан кадр : youtube.com/@Khabar24

Кореялық музыкант Сон Вон Соб 15-тен аса қазақ әнін корей тіліне аударып шырқайды. Әнші қазақ тілінде ән жазуды армандайтынын айтқан. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, кореялық музыкант Сон Вон Соб Қазақстанда тұруға ниетті. Сеулде тұратын кореялық әнші Сон Вон Соб Қазақстанда болып, біраз жерді аралаған. Соның арқасында қазақтың жанын да түсінуге тырысып, Шәмшінің әнін корейше шырқайды.

"Сыған серенадасы әннің сөздерін корей тіліне аудару қиын болды, оның мағынасы күрделі. Ән мені өмір туралы ойлануға мәжбүр етті. Мен сөздерді заманауи түрде өзгерттім. Олардың мағынасын оңтүстік кореялықтар жақсы түсінеді. Биылғы мақсатым – қазақ тілінде ән айту. Өкінішке орай, тілдік кедергі бар", - әнші Сон Вон Соб.

Тілшілер мәлім еткендей, Сеулдың шетіндегі студия - Сон Вон Собтың екінші үйі. Мұнда ол шетел әндерін корей тіліне аударып, орындап, бейнебаян түсіреді. 36 жастағы кореялық 20 жылын музыкаға арнаған. Өнер университетінде тромбон бойынша оқыған. Содан кейін ансамбльде ойнады, K-Pop тобында рэп айтты және блогер болды. 2015 жылдан бастап Сон өзінің жеке мансабын бастады. 3 жылдай бұрын өзге елдердің әндерін корей тіліне аудара бастады. Тырнақалдысы - қазақстандық Батырхан Шүкеновтің композициясы екен. Қазір әншінің репертуарында 15-тен астам қазақ шығармасы бар. Ол студиясына Қазақстанды саяхатты еске түсіретін заттар жинаған. Әнші солардың ішінде ең асылы домбыра екенін атат өткен.

"Негізгі табысым жарнамаға модель ретінде түсу. Кореяда мен музыка жазамын, бейнебаяндар шығарамын. Әзірге каверлерден табыс таппаймын, бірақ кім білсін, Қазақстанға жұмыс істеуге баратын шығармын. Кавер емес, қазақ тілінде жаңа ән жазғым келеді. Алматыда, Астанада, Шымкентте, Петропавлда, Ақтауда болдым. Өзімді әртүрлі елдерде жүргендей сезіндім, әр қаланың өз айырмашылығы бар", - дейді әнші Сон Вон Соб.

Алдағы екі айда Сон Вон Соб Қазақстанға 2 сапар жоспарлап отыр. Әнші концерт беріп, әрі халықаралық музыка фестиваліне қатысуға асығыр жүргенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031579-repertuarynda-15-tei-qazaq-ani-bar-koreyalyq-ansi-son-von-sob-samsinin-anderin-korei-tilinde-syrqaidy-video/

pixel