jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Өмірқұл Айниязов жалғыз ұлын үйлендірді (фото, видео)

    Өмірқұл Айниязов жұбайымен
    Өмірқұл Айниязов жұбайымен. Фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov

    Әнші Өмірқұл Айниязовтың жалғыз ұлы үйленіп, келін түсірді. Шаңырағындағы қуанышты жаңалықты өнер иесі Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айниязов былтырдан бері жалғыз ұлын тамыз айында үйлендіретінін және Семей өңірімен құда болатынын айтып жүрген болатын.

    "Аллаға шүкір, беташарды аулада өткізіп алдық. Той құтты болсын, ағайын", - деп жазды әнші.

    Кейінірек өнер иесі ұлы мен келінін де көпшілікке көрсетті.

    "Келінді көрсетіп қояйын. Жастар бақытты болсын", - деді Өмірқұл Айниязов.

    Сонымен қатар әнші ауласында өткен тойдың видеосын да бөлісіп, оқырмандарын қуантып қойды.

    Өмірқұл Айниязов ұлы мен келінінің және кенже қызының мейрамханада түскен суретін де оқырмандарына көрсетті.

    Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырды.

    "Жастар бақытты болсын", "Келін құтты болсын", "Тойыңыз тойға ұлассын", "Келін ененің топырағынан деген. Енесіне ұқсап қалыпты", "Келіннің қадамы құтты болсын", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, әншінің ұлы той алдында апатқа ұшыраған болатын.

    Әнші Өмірқұл Айниязов жалғыз ұлын үйлендірді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.