Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Барби мен Кен: Төреғали Төреәлінің парик киген күйеу баласы көпшілікті күлкіге қарық қылды (видео)

Опубликовано:

Дархан Нортаев
Дархан Нортаев. Фото: instagram.com/farizatoreali

Отандық әнші Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы мен күйеу баласы танымал Барби трендін қайталады. Ерекше форматта видео түсіру үшін сары түсті парик киген Дархан Нортаев көпшілікті күлкіге қарық қылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің Барбиды қабыл алыңыздар. Бұндай форматтағы контентті алғаш рет түсірдік, қызық болды. Қалай шығыпты", - деп жазды Фариза Төреәлі Instagram парақшасында.

Видеодан Барби образындағы Фариза Төреәліні ғана емес, сонымен қатар оның күйеуі Дархан Нортаевты да көруге болады. Төреғалидің күйеу баласы Кен қуыршақ образын сомдаған. "Барби" фильміндегі Кеннің образын қайталау мақсатында Дархан Нортаев басына жасанды, сары түсті шаш киіп алған.

Желі қолданушылары Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаевтың өзгеше образына түрлі пікір білдірді.

"Халал Барби", "Қандай керемет, неше рет қайталап көрдім", "Кеннің шашын сарғайтқаныңыз қиын болыпты", "Дарханның шашы күлкімді келтірді", "Шығармайтындарыңыз жоқ", "Дархан, мынау күтпеген дүние болды", "Керемет", "Күлкілі", "Ерекше", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін отандық жұлдыздардың танымал Барби трендін қайталағанын көрсеткен болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031766-barbi-men-ken-toregali-torealinin-parik-kigen-kuieu-balasy-kopsilikti-kulkige-qaryq-qyldy-video/

pixel