Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарты жылдан бері өсті": Майра Мұхамедқызы қанша жалақы алатынын ашып айтты

Опубликовано:

Майра Мұхамедқызы
Майра Мұхамедқызы. Видеодан кадр: youtube.com/@DinaraSatzhan

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрында қанша жалақы алатынын айтты. Өнер иесі бұл жайлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жалақым құпия емес. Менде құпия жоқ. Халық бәрін біледі. Астанада жүргенде мемлекеттік академиялық филармониядан, "Астана Опера" театрынан, "Шабыт" университетіндегі профессорлығым мен тойларым, салтанатты жиындарым барлығын қосқанда аз дегенде - млн теңге алатынмын.

Ал мұнда келгелі (Шымкенттегі опера және балет театры - ред.) алатын жалақым - 140 мың болды. Қазір жарты жылдан бері өсті 151 мың теңге аламын. Театр бойынша менікі ең жоғары айлық. Ең төмені - 50 мың теңге, оны өрт машинистім алады. Олар ең ауыр жұмысты істейді. Олар бүкіл декорацияны тасиды. Қазір 70 мың теңге алады", - деп ағынан жарылды Майра Мұхамедқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031780-zarty-zyldan-beri-osti-maira-muxamedqyzy-qansa-zalaqy-alatynyn-asyp-aitty/

pixel