Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі берген жоқ": опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкентке келгелі пәтер жалдап жүргенін айтты

Жарияланған күні:

Майра Мұхамедқызы
Майра Мұхамедқызы. Скриншот: Динара Сәтжан бағдарламасы

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрындағы директор қызметіне Астанадан арнайы көшіп келгелі пәтер жалдап жүргенін айтты. Өнер адамы өзіне Шымкенттен үй беруге үш жылға жуық уақыт бұрын уәде етілгенін Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімелеп берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шымкентке көшуге отбасымнан рұқсат алдым. Қызымның бірінші сыныптан бастап өз ортасы, достары болды. Жолдасымның да өз ортасы бар. Маған осы ұсыныс түскен кезде, біз көлікте едік. Тұтқаны қойдым да, тып-тыныш болып қалдым. Жұбайым "Кім хабарласты? Неге демің ішіңе түсіп, тып-тыныш болып қалды?" деді. Мен "Білмеймін. Маған бір ұсыныс келді. Егер сендер қолдасаңдар, мен барамын, жұмыс істеймін. Ал қолдамасаңдар, осы өмірімізді жалғастырамыз" дедім. Екеуі тынышталып қалды. Сосын күйеуім "Ол қандай жұмыс?" деді. Мен "Қоныс аударамыз. Шымкент опера және балет театрының директоры болуға ұсыныс түсіп жатыр" дедім. Қызым Аида мен күйеуім қолдау көрсетіп, менің қолымнан келетінін айтты.

Сосын біз келдік. Үшеуіміз және мысығымыз бар. Әне пәтер береді, міне үй деп қонақ үйде 15 күн жаттық. Бір үйді тауып, жалдадық. Пәтер әлі берген жоқ. Пәтер береміз деп сөз берді, бірақ әлі орындаған жоқ. "Үй салып жатыр" дейді, бірақ әлі біткен жоқ. Үш жылға жуық уақыт бойы үй әлі біткен жоқ. Білмеймін, неге екенін", - деді Майра Мұхамедқызы.

Айта кетейік, осыған дейін Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрындағы директорлық қызметі үшін 151 мың теңге жалақы алатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031786-ali-bergen-zoq-opera-ansisi-maira-muxamedqyzy-symkentke-kelgeli-pater-zaldap-zurgenin-aitty/