jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Жөргегін ауыстырамын": Әли Оқапов қандай әке екенін айтты

    Әли Оқапов отбасымен
    Әли Оқапов отбасымен. Фото: instagram.com/aliokapov

    Отандық әнші Әли Оқапов биылғы жылы алғаш рет әке атанған болатын. Өнер иесі "Түнгі студия" бағдарламасында түнде ұйқыдан оянып, баласының жөргегін ауыстыратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мен балаға қатысты жұмыстың бәріне атсалысамын. Түннің ішінде балаға оянамын. Тамағын дайындап беремін. Жөргегін ауыстырамын. Астын бүлдірсе, бәрін жуамын. Соның бәрімен айналысамын.

    Біз үш сағат сайын балаға оянып, екеуіміз балаға қарап, қайта ұйықтаймыз. Негізі бос уақыттың барлығы үйде, баламен өтуде", - деді Әли Оқапов.

    Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның немерелі болғаны жайлы ақпарат биылғы жылдың ақпанында желіге тарады.

    Ал кейінірек халық әртісі Роза Қуанышқызы көптен күткен тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойын жасап, қонақтардың басын қосты.

    Осыдан кейін Әли Оқапов көпшілікке ұлын көрсетіп, әйеліне су жаңа темір тұлпар сыйға тартты.

    "Жөргегін ауыстырамын": Әли Оқапов қандай әке екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.