Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаныма батты": Айгүл Иманбаева өмірден өткен әкесіне жантебірентерлік жазба арнады (видео)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva/

Бірнеше күн бұрын актриса әрі әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті. Өнер иесі әкесінің жер қойнына тапсырылғанын айтып, оған жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өмір барда, өлім хақ. Менің бір қанатым, әкем Жәрдемәлиев Серікқұл Сибғатұлы өмірден озды. Жамбасы жерге тиді. Алланың берген 73 жасын жасады.

Кеше ғана тауып, жанында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап, 46 жасымда әкемнің жанында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Маған Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады. Сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем ішінде қалған ренішті кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған еді. Үзілді…

Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне шүкіршілік еттім. Сыртта оқуда жүріп, әкемді соңғы сапарға шығарып салуға үлгермегенім жаныма батты ғой. Тапқаным кеше ғана еді. Бүгін жоғалттым.. Жаратқанның жоспары бізге осылай екен. Жаныңыз жәннатта болсын, әке", - деп жазды Иманбаева Instagram парақшасында.

Сонымен қатар Иманбаева желіге әкесімен соңғы түсірілген видеоны жариялады.

"Әлеуметтік желіде ішкі әлемімді бөлісіп, көп нәрсе жаза алмаймын. Бірақ менің өмірімі ұқсас жандар болса, барында бағалаңыздар. Өмір қас-қағым сәт. Әкеммен соңғы түскен видео осы", - деді Айгүл Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031920-zanyma-batty-aigul-imanbaeva-omirden-otken-akesine-zantebirenterlik-zazba-arnady-video/

pixel