Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегіме ауыр тиді": ата-анасынан бір ай ішінде айырылып қалған Саят Медеуов жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Саят Медеуов
Саят Медеуов. Кадр: YouTube/"Алматы" телеарнасы

Отандық әнші Саят Медеуовтің ата-анасы карантин уақытында бірінің арасына бірі 14 күн салып, өмірден өткен. Нартай Аралбайұлына сұхбат берген әнші ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екеуінің қазасының арасы 14 күн болды. Ол жеке басымдағы, отбасымдағы қайғы ғой. Бірақ ол біздің ғана отбасымызда болмады, бүкіл ұлттың басында болды. Сол кезде "Қазағым қариясыз қалмаса екен" деп жаздым. Қазақтың көп қариясы, жастары кетті. Әкем "Бізге адам өлімінің саны керек боп жатыр ғой. Мен секілді кәрілер өлсін. Жастар аман болсын. Мен өле берейінші, балам" деп жатты. Сол сөз менің жүрегіме ауыр тиді.

Анам коронавирустан қайтыс болды. Анам өмірден өткесін, сап-сау жүрген әкем кетті. Ол кісі бірақ коронавирустан қайтыс болмады. Бірақ, таңғалғаным, "Коронавирустан қайтыс болды деп жазайықшы" деп келді. Ағам маған қатты қиналып, "Әкемді коронавирустан қайтыс болды деп жазайық деп келді. Не істейін?" деп хабарласты. Мен "Әкемнің арманы еді. Өзі де тізім керек боп жатыр деп еді. Не жазса да өздері көрсін" дедім. Сосын ағам хабарласып, "Өлген адам өлді. Не жазсаңдар да өздерің біліңдер" деді. Болары болды, не істейміз енді? Шындық солай енді", - деді Саят Медеуов.

Айта кетейік, осыған дейін Саят Медеуов жол апатына түскен кезін еске алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031955-zuregime-auyr-tidi-ata-anasynan-bir-ai-isinde-aiyrylyp-qalgan-sayat-medeuov-zan-syryn-aqtardy/

pixel