jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Шай құймаймын": Әсел Сәдуақасова қандай келін екенін айтты (видео)

    Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен
    Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен. Скриншот: instagram.com/asselsadvakassova

    Отандық актриса Әсел Сәдуақасова жақында тұрмысқа шықты. Өнер иесі желіде көпшілік сұрағына жауап беріп, ата-енесімен қандай қатынаста екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жаңа отбасы жайлы актриса Instagram парақшасында айтты.

    "Мағжанның ата-анасы мені бірінші кездесуден-ақ жылы қабылдады. Біздің қарым қатынасымыз өте жақсы, шүкір!

    Мен қандай келінмін? Әрине, мен классикалық келіндер қатарынан емеспін. Шай құймаймын, орамал тақпаймын. Мағжанның анасына бұл маңызды емес. Мен енеден жолы болған адаммын. Керісінше, біз қонаққа баратын болсақ, қандай ас дайындау керектігін, менің қандай тағамды ұнататынымды сұрайды. Әрдайым біз барғанда мені сүйікті асыммен күтіп алады. Осы үшін анама алғысым шексіз. Біз сізде өте қатты жақсы көреміз", - деді актриса.

    Айта кетейік, жуырда қазақстандық актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шыққаны туралы жазған болатынбыз. Жұлдыз заңды некесін қидырған сәтті әлеуметтік желіде көпшілікке көрсетті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.