Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Марқұм Жанар Хамитоваға ұқсайды": көптің назарына іліккен жас әнші туралы не білеміз

Опубликовано:

Дильназ Бердалиева
Фото: Жеке мұрағат

Соңғы кездері әлеуметтік желіде марқұм әнші Жанар Хамитоваға ұқсайтын қыз танымалдылыққа ие болуда. Алайда Дильназ Бердалиева бұл ұқсастықтың қайдан және қалай пайда болғанын түсінбей аң-таң. Ол өзін марқұм Жанармен салыстыруды қалай қабылдағанын KAZ.NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Дильназ - Меркінің тумасы. 20 жастағы студент қыздың болашақ мамандығы - мұғалім.

"Мен қазір мұғалім мамандығы бойынша білім алудамын. 4 курста оқимын. Бірақ университетті бітірген соң дипломды жинап қойып, басқа салада қызмет жасайтын шығармын. Себебі - мамандық таңдауда қателескенімді мойындаймын. Алайда өкінбеймін", - деп ару ағынан жарылды.

"Әлеуметтік желіде танымал екеніңізді қашан қалай сезіне бастадыңыз деген" тілші сұрағына Дильназ өзін танымал сезінбеймін деп жауап берді.

"Танымалдылықты аса сезініп жатырмын деп айта алмаймын. Жалпы өзімді аса танымал әнші, блогерлердің қатарына қоса алмаймын. Тек бағым жанып, айтқан әндерім көпшілікке ұнап, тез таралып кетті. Осылайша шағын бір аудитория қалыптасты", - деді ол.

Оның сөзінше, бүгінде жас әншіні тойға шақыратындар да аз емес көрінеді. Өзге блогерлер сияқты Instagram-нан миллиондап ақша таппаса да, анда-санда жарнама жасап, табысты болып қалатынын жасырмады.

Желіде Дильназды марқұм әнші Жанар Хамитоваға ұқсатып, пікір қалдырушылар өте көп. Мұны жас әншінің өзі жақсылыққа балап жүр.

"Жанар Хамитова ерекше дауыс иесі ғой. Кейде оған менің дауысымды, өзімді ұқсатып жатса іштей марқайып қалатыным бар. Алайда әр адам жеке тұлға екенін ұмытпау қажет. Адамдар бір-біріне ұқсай береді. Бірақ олардың тағдырын Алла біледі. Әркім өз таңдауын өзі жасайды. Сондықтан, марқұм Жанар әпкемізге тағдырым да ұқсап кетеді деп қорықпаймын. Ондай ырым-тыйымдарға сенбеймін. Жалпы мен өзімді ешкімге, ешкімді өзіме ұқсатпаймын", - деді Дильназ.

Бір қызығы әдемі дауыс иесі болашағын сахнамен мүлдем байланыстырмайды. Тек әнді хобби ретінде қолданып жүр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032430-tagdyrym-uqsaidy-dep-qoryqpaimyn-marqum-zanar-xamitovaga-uqsaityn-aru-salystyrulardy-qalai-qabyldaganyn-aitty/

pixel