Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім де дәмелімін": Тамара Асар жаңа түскен келінге қызығып қалғанын жасырмады (видео)

Опубликовано:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Отандық әнші Тамара Асар тойда өзге отбасыға түскен жас келінге қызығып қалғанын жасырмады. Өнер иесі өзін таңғалдырған келіншек жайлы Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мені өте мұқият тыңдады. Әр қимылымды көзбен дұрыстап, бақылап отырды. Әуелі "Келіншек" әніммен көпшілікке сәлем етуге алып шықтым. Әдетте, мен келіншекті сүйреп, төменге қолын қысып тартып, ымдап зорға тізесін бүктіріп, басын игізетін едім. Бұл жолы қалыңдық мені сүйреп жүрді. Себебі, мен оған той басталмай тұрып "Өзің бәрін танисың ғой. Өз төркініңе сәлем етіп қойма" деп ескерткенмін. Сол ғой, мені сүйреп жүргені.

Сосын "Кешін шай" әніме самаурынмен шәй құйғызуға шықтық. Риза болу былай тұрсын, таңғалдым. Өте ширақ, тиянақты, жинақы қозғалды. Ауылдың үлкендеріне шәй ұсынып, сәлем еткенде әрқайсысының алғысын мұқият тыңдап, "әумин" деп жауап беріп, иіліп ишарат білдіріп жүрді", - деді әнші жаңа түскен келін жайлы.

Сонымен қатар Тамара Асар осы уақытқа дейін қанша тойға барса да, мұндай ширақ қалыңдықты сирек кездестіретінін де жасырмай айтты.

"Қаншама тойға барып, қыз ұзатып, келінге сәлем салғызып, шәй құйғызып жүрмін. Дәл осындай той кезінде өз-өзін толық басқара алатын, тәрбие көрген, үй шаруасына жұмсалғаны көрініп тұратын, иманы мен инабаты төгіліп тұратын, қағілез, ширақ қалыңдық сирек кездеседі.

Көңіліме ерекше күй толып, көзіме жас толып, қобалжып, қолын сипай беріппін. Осындайдан бұйырса өзім де дәмелімін ғой. Бақытты бол, тіл-көзім тасқа!

Әдетте той кезінде қалыңдық шәй құймақ түгілі, фатамен, көйлекпен, қобалжып, одан қала берді селфимен, әлеуметтік желімен алысып кетеді ғой", - деп жазды Тамара Асар Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032520-bizge-de-buiyrsyn-tamara-asar-zana-tusken-kelinge-qyzygyp-qalganyn-zasyrmady-video/

pixel