Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдемілік жоғалмасын": Ақбота Керімбекова көпшілікті сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Әнші Ақбота Керімбекова жаңа суретімен желідегі оқырмандарын қуантты. Әдемі қарттық жайлы сөз қозғаған әнші желідегілерді сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Баршамызға әдемі қартаюды нәсіп етсін. Әжім түссе де, әдемілік жоғалмасын. Әдемілік деген жүздегі - нұр, көздегі - сыр, жүректегі - гүл ғой", - деп жазды Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары Ақбота Керімбекованың табиғи сұлулығына тәнті екенін айтып, жарыса пікір білдірді.

"Әншілердің арасындағы ең қарапайымысыз", "Жүрегі әдемі адам, әдемі қартаяды", "Көзіңіздегі меңіңіз ерекше әдемі", "Ақботаны отбасымызбен жақсы көреміз", "Алла әдемі қартаюды нәсіп етсін", "Басқалар қартайса да, сен қартаймайсың", "Сұлусыз", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Ақбота Керімбекованың үлкен ұлы әкесі жайлы жан сырын ақтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032525-ademilik-zogalmasyn-aqbota-kerimbekova-kopsilikti-suisintti-foto/

pixel