Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем кеткен соң, денсаулығы сыр берді": Анна Данченко жансақтау бөліміндегі анасының жағдайын айтты

Опубликовано:

Анна Данченко
Анна Данченко. Фото: instagram.com/ann_2905

Тележүргізуші Анна Данченконың анасы жансақтау бөлімінде жатыр. Кеше ол анасын көріп шыққанын айтып, оқырмандарға алғысын жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жалпы, менің болмысым сондай. Өте сезімтал адаммын. Барлығын жүрегіме жақын қабылдаймын. Әсіресе, бұл жақындарыма байланысты болса. Ата-анамның орны мен үшін ерекше. Ағам мен әпкеме қарағанда, үйдің кенжесі болғандықтан, мен көбірек қасында болдым.

Анам қолыма келген соң, барынша көңілімді, уақытымды арнауға тырысып жүрмін ғой. Бірақ енді, папа кеткеннен кейін денсаулығы сыр берді. Инфаркт алғанда да бәрі менің көз алдымда болды. Қорқынышты бәрін айтуға...

Жансақтау бөліміне кіріп шықтым. Негізі, сыртта жүрген адамның кіруіне рұқсат жоқ. Мен тынышталып, анамды көруім керектігін түсіндіріп айттым. Анам жай сөйлеп жатыр. Бір-екі сөз айтқан соң, демігіп қалады. Қолдарының бәрі көгеріп кеткен. Укол салып, анализ алатындықтан қолдары тесіліп қалған.

Осы орайда, маған қолдау көрсетіп жатқан баршаңызға алғыс айтамын", - деді тележүргізуші.

Еске сала кетейік, бұған дейін Анна Данченко анасының жағдайы ауыр екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032533-akem-ketken-son-densaulygy-syr-berdi-anna-dancenko-zansaqtau-bolimindegi-anasynyn-zagdaiyn-aitty/

pixel