Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Cупермамасита кеудесін кішірейту үшін ота жасатты (фото, видео)

Опубликовано:

Супермамасита
Супермамасита. Фото: instagram.com/super.mamasita

Отандық блогер, көпшілікке Супермамасита есімімен танымал Әлия Байтуғанова кеудесіне қайта ота жасатты. Блогер Instagram парақшасында көпшілікке кеудесіндегі импланттарды қайта ауыстыруға шешім қабылдағанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Супермамаситаның айтуынша, ол 7 жыл бұрын кеудесіне ота жасатқанда, қателескен. Тым үлкен кеуде оған ыңғайсыздық тудырып, омыртқасына салмақ түсірген.

Супермамасита сторис
Супермамасита сторис. Скриншот: instagram.com/super.mamasita

Әлия Байтуғанова ота алдында видео жолдап, оқырмандарына уайымын бөлісті.

"Кез келген ота кезінде тәуекелге барасың. Тіпті шағын отаның өзінде де... Егер менікіндей ауқымды отаны айтатын болсақ, ол өте үлкен тәуекел.

Мен бәрі жақсы өтетініне үміттенемін. Бірақ алаңдаулымын. Мұны ешкімге көрсетпеуге тырысып бағудамын", - деді блогер видеода.

Сонымен қатар ол ота залын да көпшілікке көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032631-bloger-cupermamasita-keudesin-kisireitu-usin-ota-zasatpaq-foto-video/