"Образдан шыға алмай бір жылдай жүрдім": отандық актер фильмге түскеннен кейін психолог көмегіне жүгінуге мәжбүр болған
Жарияланған күні:
Отандық актер Ерболат Әлқожа қазақстандық "Бақыт" фильміне түскеннен кейін бір жылдай образдан шыға алмай жүрген. Өнер иесі "Әйел энергиясы" бағдарламасында өзі түскен фильмнен кейін психолог көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Маған хабарласып, "Осындай рөл бар. Қазір сценарийді жіберем" деп хабарласты. Мен сценарийді 20 минут ішінде, бір демде оқып шықтым. Шынымен қызық екен. 40 минут бойы олардың қайта хабарласқанын күттім. Сосын "Мен мына рөлді ойнаймын. Өте қызық әрі қоғамдағы өте күрделі мәселе" дедім. Білемін ғой, жан-жағымда осындай әңгіме болып жатқанын білемін, көріп жүрміз, өкінішке қарай. Өзім ешкіммен ақылдаспағанмын. Олар "Сен әйеліңнен сұрадың ба?" деді. Сосын әйеліме сценарийді жібердім. Әйелім оқып болып, "Өзің ойнағың келеді ме? Мынау күшті ғой. Ойна" деді.
Әйеліме "Ол жерде жазылғаннан күрделі болуы да мүмкін. Мен жалаңаш шығуым да мүмкін" дедім. Әйелім мұның кино екенін түсінді", - деді Ерболат Әлқожа.
Сонымен қатар актер өзі ойнаған образдан шыға алмай, бір жылдай жүргенін айтты.
"Кей ағаларымыз жайлы баяғыда "Образынан шыға алмай, пәленше жыл жүріпті" дегенді еститінбіз. Түсірілім алаңында 1,5 ай жүрдік. Фильм бір айда түсірілді. Образдан шыға алмай бір жылдай жүрдім. Маған өте қиын болды, жаман болдым. Осымен екінші рет осындай болды. Кейін "Талақ" деген тарихи фильмге түскен кезде де, жынданып кете жаздадым. Мен ешкімге айтпай, психологқа бардым.
"Бақыт" фильмінен кейін менде бүкіл әйел адамына деген өшпенділік пайда болды, жек көре бастадым. Мен бір рөл алсам, соны өз бойымнан өткізіп, сезініп барып ойнаймын", - деді Ерболат Әлқожа.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032666-obrazdan-syga-almai-bir-zyldai-zurdim-otandyq-akter-filmge-tuskennen-keiin-psixolog-komegine-zuginuge-mazbur-bolgan/