jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Анасы ауыр жағдайда ауруханаға түскен Анна Данченко қуанышты жаңалығын айтты

    Анна Данченко
    Фото: Instagram/ann_2905

    Танымал тележүргізуші Анна Данченко таяуда анасының жағдайы нашарлап, ауруханаға түскенін хабарлаған еді. Журналист Instagram парақшасында бүгінде анасының халі жақсарғанын айтты.

    "Анашым, қайта құшақтай алғаныма, сөйлесе алғаныма, жақсы көрем, сағындым деп айта алғаныма, бірінші Аллаға, екінші дәрігерлерге, үшінші сіздерге, оқырмандарым мың алғыс! Дұғаларыңыз қабыл болып, шүкір, жағдайы жақсарып келеді", - деді Данченко.

    Сонымен қатар ол ертең анасы ауруханадан үйге шығатынын айтты.

    "Қазір ғана анама барып, дәрігермен сөйлестім. Алла қаласа ертең үйге шығарады, анализдері жақсы, әрі қарай үйден емделеді. Ең бастысы ол жансақтау бөлімінде емес, өз бетімен демалуда, жүрегі өз бетінше соғуда", - деді журналист.

    Анасы ауыр жағдайда ауруханаға түскен Анна Данченко қуанышты жаңалығын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.