Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш айда әрең қойдым": отандық актриса кинодағы рөлі үшін темекі шегіп үйренгенін ашып айтты

Опубликовано:

Лаура Мырзахметова
Лаура Мырзахметова. Cкриншот: "Әйел энергиясы" бағдарламасы

Актриса Лаура Мырзахметова отандық "Бақыт" фильмінде басты рөлде ойнаған. Өнер иесі "Әйел энергиясы" бағдарламасында түсірілім барысында темекі шегіп үйренгенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шын өмірде темекі тартпаймын. Маған режиссер кастингтен өткеннен кейін "Темекі шегесің бе?" деп сұрады. Жоқ десем, "Қазірден баста. Сен кадрде бірнеше жыл тәжірибесі бар адам секілді, 2-3 тартып темекіні тауысуың керек" деді.

Сонымен не істеймін? Үйге кеп, темекі шегіп тұрсам, күйеуім "Сенікі жай ма?" дейді. Маған темекі шегуді тапсырды десем, жұбайым "Сонда іш десе, ішесің бе?" деді. Енді менің мамандығым сол ғой. Мен темекі шектім, Ерболат Әлқожа ішті. Фильмде бар жаныңды салып ойнап жатқанда, түрің келмесе қалай болады?", - деді ағынан жарылған актриса.

Сонымен қатар Лаура Мырзахметова түсірілім біткеннен кейін темекіні қою өте қиын болғанын айтты.

"Кейін темекіні қою өте қиын болды. Үш айға дейін қоя алмай қиналдым. Мен театрда жұмыс істеймін. Ол жерде бағыт басқа, көзқарас басқа. Менде темекіге деген тәуелділік басталды. Үш айда әрең қойдым", - деді Лаура Мырзахметова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталмыш фильмнің басты рөлін ойнаған Ерболат Әлқожа түсірілім барысында миы шайқалып, гематома пайда болғанын және кинодан кейін бір жылдай образдан шыға алмай жүргенін ашып айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032998-us-aida-aren-qoidym-otandyq-aktrisa-kinodagy-roli-usin-temeki-segip-uirengenin-asyp-aitty/

pixel