Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кәріс актерлеріне ұқсайды": Ерке Есмахан той көйлегімен түскен ерекше суретін жариялады (фото)

Опубликовано:

Раим мен Ерке Есмахан
Раим мен Ерке Есмахан. Фото: instagram/erke_esmahan

Отандық әншілер Ерке Есмахан мен Раим жаңа фотосессияны ел назарына ұсынды. Олар жаңа суреттерін желідегі ресми парақшаларына жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлеміме сен келдің… Бізге тілеген тілектеріңізді Алла еселеп өздеріңізге қайтарсын", - деп жазды Ерке Есмахан.

Одан бөлек, әнші оқырман сұрақтарына жауап беріп, ортақ шешіммен үйлену тойын жасамайтындықтарын айтқан.

"Ортақ шешіммен той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасағанға немесе жасамағанға қарамайды екен", - деп жазды әнші.

Сондай-ақ Еркенің жары Раим да желіде сурет жариялап, "Жанұя" деп жазба қалдырған.

Ал оқырмандар қос ғашыққа бақыт тілеп, екеуінің кәріс сериалындағы актерлерге ұқсайтынын жазды.

Тілек білдірушілер қатарында Балжан Бидаш, Алтынай Жорабаева, Тамара Асар сынды отандық эстрада жұлдыздары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033160-karis-akterlerine-uqsaidy-erke-esmaxan-toi-koilegimen-tusken-erekse-suretin-zariyalady-foto/

pixel