jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Саған да, оған да адалмын": бәйбішесіне арнап ән шығарған Әбдіжаппар Әлқожаның басы дауға қалды (видео)

    Әбдіжаппар Әліқожа сұхбат барысында
    Әбдіжаппар Әліқожа. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

    Әбдіжаппар Әлқожа жаңа әнінен үзінді жариялады. Бәйбішеге арналған ән желіде екіұдай пікір қалдыруда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ол "Бәйбіше" деп аталатын әнінен үзінді жариялап: "Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер", деп жазба қалдырған.

    Әннің мәтініндегі:

    - Жан әлемің әдемі, соған қарармын,

    Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын.

    Негізінде, мен саған, жаным адалмын,

    Оған да адалмын, саған да адалмын", - деген жолдар желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды.

    "Тоқал деп үйдегі жарыңның жанын жараладың-ау сен, алтындай 3 ұл туып берген адал жарыңа";

    "Тоқалдарға точно ұнамайды";

    "Оған да адалмын дегені қалай кетті?!"

    "Тоқалың бар ма?", - деп жазды желі қолданушылары.

    Әбдіжаппар болса, басындағы бір әйелімен бақытты екенін айтқан.

    "Саған да, оған да адалмын": бәйбішесіне арнап ән шығарған Әбдіжаппар Әлқожаның басы дауға қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram