Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Renzo тобының әншісі үйленді (видео)

Опубликовано:

Ержан Жүнісов пен Аружан Медиева, Алуа Қонарова
Ержан Жүнісов пен Аружан Медиева, Алуа Қонарова. Скриншот: instagram.com/aruvibezz

Renzo тобының мүшесі Ержан Жүнісов шаңырақ көтерді. Бұл жайлы продюсер Алуа Қонарова Instagram парақшасында көпшілікке айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Renzo тобының үшінші әншісі мен "Аyanat" тобының үшінші мүшесі үйленді. Ержан мен Аружан", - деп жазды Алуа Қонарова.

Айта кетейік, Ержанның таңдауы Аружан Медиеваға түскен.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа жылы лебізін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар", "Жастар бақытты болсын", "Жарасымды жұп", - деп жазды желідегілер.

Ал Аружан Медиеваның өзі әлеуметтік желіде сүйіктісімен танысуына Алуа Қонарова себепкер болғанын айтты.

"Біздің бір-бірімізді жолықтыруымызға себепкер болған кісі осы", - деп жазды Алуа Қонаровамен түскен суретін бөліскен Аружан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033238-renzo-tobynyn-ansisi-uilendi-video/

pixel