Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімде жоқ": жақында екінші қызын босанған Айсәуле Бақытбек сәбиіне қандай есім қойғанын айтты

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Жақында ғана екінші сәбиін босанған белгілі блогер Айсәуле Бақытбек нәрестесіне қандай есім бергенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Айсәуле Бақытбек екінші қызының атын көпшілікке ерекше әдіспен жария етті. Видеода ол бірнеше есім жазылған шарды тізіп қойған. Содан кейін оларды біртіндеп жара бастағанын көруге болады.

"Қызымызды қалай атадық? Осындай әдіспен айтуды жөн көрдім. Бұл аттар біз қарастырған есімдер", - деді Айсәуле Бақытбек.

Блогердің сөзінше, олардың таңдауы Сәтті деген есімге түскен.

Бейнежазбаны көрген желідегілер бұл есімнің ерекше екенін айтып, таңдаудың қазақша есімге түскеніне қуанды.

"Қандай ерекше есім, кім таңдады?", "Ешкімде жоқ, әдемі есім", "Өте әдемі есім екен", "Қазақша болғанына қуандым", "Жарайсың, бақытты қыз болып өссін. Таза қазақша есім қойғанына таң қалып қалдым", "Сәттінің артынан егіз ұл ерсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033370-eskimde-zoq-zaqynda-ekinsi-qyzyn-bosangan-aisaule-baqytbek-sabiine-qandai-esim-qoiganyn-aitty/

pixel