Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Назым Әбілдина гендер-пати жасады (видео)

Опубликовано:

Әнші
Назым Әбілдина. Фото: Instagram/nazym_abildina

Көпшілікке "Айгөлек" балалар бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған әнші Назым Әбілдина гендер-пати жасады. Өнер иесі былтырғы жылы тұрмысқа шыққан болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ол қуанышты жаңалығын TikTok желісінде көпшілікке бөлісті.

"Бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Соңғы екі-үш жылда өмірімде көптеген өзгеріс болды. Бұл қуанышты жақындарыммен бөлістік. Ал сосын сіздермен де бөлісуді шештім", - деді әнші.

Видеодан Назым қорапты ашқанда көк түсті шарлар шыққанын көруге болады. Ал осыдан кейін әнші қатты қуанып, сүйіктісі екеуі құшақтасады.

Ал желі қолданушылары Назым Әбілдинаның қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырды.

"Құттықтаймыз", "Ең керемет сезім", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033402-ansi-nazym-abildina-gender-pati-zasady-video/

pixel