Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйден ұзатылдым": Ақерке Бүркітбай ұзату тойынан видео жариялады (видео)

Опубликовано:

Ақерке Бүркітбай
Ақерке Бүркітбай. Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

Әли Оқаповтың жұбайы Ақерке Бүркітбай ұзатылған сәтін көпшілікке көрсетті. Өнер иесі видеоны Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбай мен Әли Оқаповтың шаңырақ көтергеніне үш жылдың жүзі толған.

"Бүгін ұзатылып, жаңа жанұялық өмірге қадам басқан күнім. Ғұмырлы, бақытты отбасы болайық. Үш жыл", - деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Сонымен қатар әнші 2020 жылы карантин уақыты болғандықтан, үйінен ұзатылғанын да баяндап берді.

"2020 жыл карантин уақыты болғандықтан ешқайда шыға алмадық. Естелік болсын деп, осы видеоны үйдің ауласында түсіргенбіз. Жақын туыс, дос, ағайын жиналып, ырымын жасап, үйден ұзатылдым. Анашымның арқасында осы видеоны архивтен тауып алдық", - деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Айта кетейік, биылғы жылдың ақпанында Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлды болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033433-uiden-uzatyldym-aqerke-burkitbai-uzatu-toiynyn-videosyn-kopsilikke-bolisti-video/

pixel