Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуімнің ата-анасы таңдайды": Айжан Байзақова болашақ сәбиіне қандай есім таңдағанын айтты (фото)

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

2022 жылдың күзінде тұрмысқа шыққан Айжан Байзақова екінші сәбиінің есімін кім қоятынын айтты. Танымал блогер гендер-пати жасап, болашақ нәрестесінің ұл бала екенін анықтаған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогер Instagram парақшасында оқырманының сауалына жауап берді.

Желі қолданушысының бірі Байзақовадан "Ұлыңызға қандай есім қоясыз?", - деп сұраған.

Ал Айжан Байзақова екінші ұлының есімін күйеуінің ата-анасы қоятынын айтты.

"Есімді Нұрбектің (күйеуімнің - ред.) ата-анасы таңдайды. Біз шамалап білеміз. Бізге ұнайды", - деп жауап берді Айжан Байзақова.

Айта кетейік, жақында Айжан Байзақова гендер-пати жасаған болатын.

Байзақова сторис
Байзақова сторис. Скриншот: instagram.com/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033457-kuieuimnin-ata-anasy-tandaidy-aizan-baizaqova-bolasaq-sabiine-qandai-esim-tandaganyn-aitty-foto/

pixel