Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі италиялық әнші Тото Кутуньо дүниеден озды

Опубликовано:

Тото Кутуньо
Тото Кутуньо. Фото: instagram.com/totocutugnoofficial

Әйгілі италиялық әнші Тото Кутуньо 80 жасында дүниеден озды. Бұл туралы жергілікті ANSA ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, әнші бүгін, 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша 16:00 шамасында Миландағы Сан-Раффаэль ауруханасында қайтыс болған.

Әншінің қазасы жайлы ақпарат агенттігіне оның менеджері Данило Манкузо хабарлаған.

Манкузоның айтуынша, ұзаққа созылған дерттен соңғы кезде Тото Кутуньоның жағдайы нашарлап кеткен.

Тото Кутуньо 1943 жылы 7 шілдеде Италияның Фоздиново қаласында дүниеге келген. Ол әлемге L'Italiano әнімен танымал. Сондай-ақ Тото Кутуньо кезінде әлемде хит болған Il tempo se ne va, La mia musica, Solo noi сынды танымал әндердің авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033542-aigili-italiyalyq-ansi-toto-kutunyo-80-zasynda-dunieden-ozdy/

pixel