Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғаныш пен бәсеке": әнші Мақсат Базарбаев достарының азайып бара жатқанын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Мақсат Базарбаев
Мақсат Базарбаев. Фото: instagram.com/maksat_bazarbay

Әнші Мақсат Базарбаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды. Өнер иесі достарының азайып бара жатқанын айтып, жан сырын ақтарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің де достарым азайып барады. Ненің белгісі екен? Кейде ойланып кетемін де, қорқамын. Жалғыздық тек Аллаға жарасар. Ең бастысы, қызғаныш пен бәсекелесу екен. Менің айтайын дегенім, ата-анамды, бауырларымды, елді сағындым", - деп жазды Мақсат Базарбаев Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары қазіргі таңда Түркия елінде жүрген әншінің бұл жазбасын қызу талқыға салған.

"Дұрыс айтасыз. Жас келген сайын достар азаяды", "Бұл өмірде достықтық құндылығы азайып кетті", "Қалтаңда ақшаң мен дәрежең болса, дос көп. Ал ештеңең болмаса, досың түгілі туысың жоқ", "Досың азайып, жаңында шын жанашырың тек әйелің қалады", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033564-qyzganys-pen-basekelesu-ansi-maqsat-bazarbaev-dostarynyn-azaiyp-bara-zatqanyn-aitty-foto/