"Сүйінші": ақын Сара Тоқтамысова айтыстан темір тұлпар ұтып алды (фото)
Жарияланған күні:
Айтыскер Сара Тоқтамысова араға үш жыл салып, қайта айтысқа шыққан. Ақын айтыста бас жүлдені иемденіп, темір тұлпар ұтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айтыскер бұл қуанышын Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.
"Сүйінші! Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр. Жүлдеден бөлек ақындарға қосымша бір млн теңгеден берді.
От ауыз, орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Мұхтар Ниязбен айтысқа шықтым. Әзілі де, әңгімесі де, өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рахмет, досым", - деп жазды Сара Тоқтамысова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033568-suiinsi-aitysker-sara-toqtamysova-aitystan-temir-tulpar-utyp-aldy-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 1
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Оу ағайындар Тоқтамысова жүлде алды деп әлемге жар салып жатырғандарыңа жол болсын,халықтың алдында жүрген адам Сара әуелі өзін түзеп алсын,үстінде киіп жүргені қазаққа тән киім бе,соны дәледеп берсін,қазіргі жеңісінің түкте қызығы жоқ
Niyetzhan