Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйінші": ақын Сара Тоқтамысова айтыстан темір тұлпар ұтып алды (фото)

Опубликовано:

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Фото: instagram.com/sarkanai

Айтыскер Сара Тоқтамысова араға үш жыл салып, қайта айтысқа шыққан. Ақын айтыста бас жүлдені иемденіп, темір тұлпар ұтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айтыскер бұл қуанышын Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Сүйінші! Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр. Жүлдеден бөлек ақындарға қосымша бір млн теңгеден берді.

От ауыз, орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Мұхтар Ниязбен айтысқа шықтым. Әзілі де, әңгімесі де, өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рахмет, досым", - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033568-suiinsi-aitysker-sara-toqtamysova-aitystan-temir-tulpar-utyp-aldy-foto/

pixel