Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құмшекер мен нан алдым": "Шымкент шоу" театрының әзілкеші 5 мың теңгеге той жүргізген кезін еске алды

Опубликовано:

Дәурен Жұмаділов
Дәурен Жұмаділов. Фото: QAJY MEDIA арнасы

"Шымкент шоу" театрының мүшесі, әзілкеш Дәурен Жұмаділов алғаш асаба болып, 5 мың теңге тапқан кезін еске алды. QAJY MEDIA арнасына сұхбат берген актер тапқан табысына үйіне құмшекер мен нан алғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен 500 теңгеге мектеп бітіру кештерін, кездесулерді жүргізіп жүрдім. Бір кезде Қасым деген досым "Балқаштан той түсіп тұр, 5 мың теңге береді" деді. 500 теңгеге тойға шығып жүрген маған 5 мың теңге өте көп ақша көрінді. Сонымен не керек жолға шығып кеттік.

Үш күндік жолға костюм-шалбарды киіп шыққанмын. Пойыздың іші ыстық, киген костюмім қыж-мыж болып жеттік. Бізді мотоциклмен күтіп алды. Ары қарай той иесінің үйіне бардық. Үйлену тойды бастап кеттім", - деді Дәурен Жұмаділов.

Сонымен қатар актер мұндай үлкен тойды алғаш көргенін және үзіліс кезінде көршінің үйіне барып ұйықтап қалғанын айтып берді.

"Мұндай үлкен той көрмегенмін. Үзіліс басталып, дастарханға бата алдық. Содан кейін той бітті деп ойлап, көршінің үйіне барып, жатып қалғанбыз. Тойдың екінші кезеңін бастау үшін "Асаба қайда, асаба қайда" деп мені іздеген. "Мен ұйықтап қалды" деп айт дегенмін. Сөйтсем, тойдың екінші бөлігі бар екен.

Әйтеуір тойды аман-есен атқарып, 5 мың теңгемді қолыма алып елге қайттым. Әлі есімде алғашқы көп табысым ғой деп, үйге құмшекер мен нан алып бардым", - деді ағынан жарылған актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033736-qumseker-men-nan-aldym-azilkes-dauren-zumadilov-5000-tengege-toi-zurgizgen-kezin-eske-aldy/

pixel