Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Айжан Байзақова күйеуінің бірінші әйелі болғанын ашып айтты

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

Атышулы блогер Айжан Байзақова былтыр күзде тұрмысқа шыққан болатын. Ол жұбайының өзінен бұрын да некеде болғанын көпшілікке ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі Байзақовадан "Күйеуіңнің болашақ сәбиден бөлек балалары бар ма?", - деп сұраған.

Ал блогер күйеуінің өзінен бұрын некеде болғанын және балаларының жоқ екенін айтты.

"Нұрбектің маған дейін де некесі болғаны жасырын емес. Алайда оның балалары жоқ. Әрине, менен ештеңе жасырмаған болса. Балалары жоқ. Алан бар және болашақ сәбиіміз", - деді Айжан Байзақова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Айжан Байзақова болашақ сәбиіне есімді күйеуінің ата-анасы таңдайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033738-bloger-aizan-baizaqova-kuieuinin-birinsi-nekesi-bolganyn-asyp-aitty/