Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тиран күйеуіне шыдасын демеймін": Төреғали Төреәлінің жұбайы күйеуін сынағандарға жауап берді (фото)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі жұбайымен
Төреғали Төреәлі жұбайымен. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын күйеуін сынағандарға желіде жауап қайтарды. Ол Instagram парақшасында оқырманы жазған хатты жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі әншінің жұбайына "Толқын, ақыл үйретіп отырсың. Бірақ өзіңді жолдасың неше рет ұрып, қорлады. Сен соның бәріне төздің. Себебі, онсыз сен өмір сүре алмайсың, өзіңді материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайсың.

Күйеуіңмен ажырасып, бақытты өмірді таңдауыңа болатын еді. Құдайдан тиран күйеуден құтқаруын және тыныш өмір кешуді сұрауға мүмкіндігің бар еді. Бірақ оның орнына төзімді, шыдамды болуға үйретіп жүрсің", - деп жазған.

Ал Толқын оқырманының бұл сынына жауап берді.

"Жекеме өте көп хат келеді. Соның біреуіне қатысты ескерту айтқым келеді. Қыздар менімен өмір сүріп жатқандай сенімді жазғанда таңғаламын.

Адамның ішін де, сыртын да бұл өмірде шын мәнісінде ешқашан біле алмаймыз. Көзбен көргеннің өзі жалған болып қалмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан ақиқатты білмей, пікір айтудан аулақ болсаңыздар. Әйелдер қауымына тиран күйеуіне шыдасын демеймін. Бірақ күресудің әр түрлі жолы бар. Ақиқатты білгенде өте қатты ұялып қалмасаңыздар екен. Барлық нәрсенің ақырын білмей, тон пішуден аулақ болайықшы. Бәрі өзімізден басталады", - деп жауап берді Төреғали Төреәлінің жұбайы.

Толқын сторис
Толқын сторис. Скриншот: instagram.com/tolkynturarbekkyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033819-tiran-kuieuge-sydasyn-demeimin-toregali-torealinin-zubaiy-kuieuin-synagandarga-zauap-berdi-foto/

pixel