Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Еркеш Хасен қызының 1 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (видео)

Опубликовано:

Еркеш Хасен отбасымен
Еркеш Хасен отбасымен. Скриншот: instagram.com/galiya_baibossynova

Отандық әнші Еркеш Хасеннің қызы бір жасқа толды. Өнер иесі шоу-бизнес өкілдері мен жақындарының басын қосып, қызының тұсаукесер тойын өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркеш Хасеннің қызы Мединаның тұсауын продюсер Ғалия Байбосынова мен әнші Жазира Байырбекова кескен.

Продюсер Ғалия Байбосынова тұсау кескен сәтті Instagram парақшасында бөлісті.

Видеодан тұсауы кесілген әншінің қызын Жазира Байырбекова мен Ғалия Байбосынованың ақ жолдың үстімен тәй-тәй жүргізгенін көруге болады.

Сонымен қатар Мединаның алдына кітап, микрофон, ақша секілді бірнеше затты таңдауға қойды. Әншінің қызы микрофонды таңдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033827-ansi-erkes-xasen-qyzynyn-1-zasqa-tolgan-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-video/

pixel