Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйінші": Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Видеодан кадр: youtube.com/@RaiMchannel

Бүгін ерлі-зайыпты Раим мен Ерке Есмахан көпшілікке алғашқы бірге орындаған әндерін ұсынды. "Бұл махаббат" деп аталатын әннің бейнебаянынан Ерке Есмаханның аяғы ауыр екенін көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейнебаянның жарық көргенін қос әнші өздерінің Instagram парақшаларында хабарлады.

"Сүйінші", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ал Youtube желісінде бейнебаянды көргендер бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жеткізді.

"Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт", "Керемет, сіздерді жақсы көремін", "Жарайсыздар", "Бөпеңізді аман-есен қолыңызға алыңыз", "Еркеге аяғы ауыр болған күшті жарасады, көзімнен жас шығып кетті", - деп жазуда көпшілік.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айында қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.

Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033862-suiinsi-raim-men-erke-esmaxan-zuyrda-sabili-bolatynyn-xabarlady-video/

pixel