Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасым - байлығым": Толқын Забирова жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады (фото)

Опубликовано:

Толқын Забирова
Толқын Забирова. Фото: instagram.com/tolkynzabirova

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі күйеуі екеуінің суретін Instagram парақшасында жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қосағыммен қоса ағаруды нәсіп етсін. Бақытты болғаныма рахмет айтамын. Туған күніңмен, отбасым - байлығым", - деп жазды Толқын Забирова.

Желі қолданушылары да әншінің отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін білдірген.

"Бақытты болыңыздар", "Бақытты ғұмыр кешіңіздер", "Үбірлі-шүбірлі болыңыздар", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Толқын Забирова үш баласы мен жолдасы жайлы құпиясын бөліскен болатын.

"Шынында, менің жолдасым Сафар сондай адам. 25 жыл бірге өмір сүріп келеміз. Үш баламыз бар. Шүкір, әрқайсысы өз жолын іздеуде", - деген еді Толқын Забирова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033948-otbasym-bailygym-tolqyn-zabirova-zubaiyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-foto/

pixel