Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гүл сыйлаймын деп ойламадым": жақында шаңырақ көтерген әнші Akha жұбайы жайлы айтты

Опубликовано:

Akha
Akha. Фото: instagram.com/aakha23

Отандық әнші, көпшілікке Akha лақап есімімен танымал Ахмет Үсірбек жақында шаңырақ көтерді. REVUE NEWS бағдарламасында өнер иесі жұбайы жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен ешқашан бір қыздың соңынан олай жүгіремін деп ойламадым. Осынша гүл сыйлаймын деп ойламадым. Әлеуметтік желіде жігіттерді көргенде таңғалатынмын. Әйелім "Мен гүлді жақсы көремін" деп ашық айттым. Сөйтіп, мені де гүлге ғашық қылды.

Ол мені өзінің сүйікті ісіне ғашық қып қойды. Мен оның сезімдеріне, жүзіндегі күлкісіне ғашық болдым. Басында қиын болды. Кейін түсіне бастадым. Қазір көріп тұрғаныңыздай, бақыттымын", - деді әнші.

Сонымен қатар Akha үш той жасағандарын да айтып берді.

"Үш той жасау отбасымыздың ұсынысы болды. Үлкен кісілер, келе алмайтын адамдар бар, соларға мүмкіндік жасадық. Қарызға батпадым. Аллаға шүкір, бәрі шешілді. Достарым, бауырларым, командам бәрін реттестіріп берді. Ұйымдастыру жұмыстарын енем жасады. Анашым Шымкенттің тойын жеке алып шықты", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033974-gul-syilaimyn-dep-oilamadym-zaqynda-sanyraq-kotergen-ansi-akha-zubaiy-zaily-aitty/

pixel