Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кішкене шыда": Ерке Есмахан күйеуі оның көңілін қалай табатынын айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Instagram-дағы stories бөлімінде көпшілікке Раимның оған жіберген сыйлықтарын бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Күйеуім концертпен басқа қалаға кеткен еді. Көңілімді тауып, гүл жіберіпті. Рахмет саған, жаным! Иісі қандай керемет", - деді Ерке Есмахан Instagram-дағы stories бөлімінде.

Сондай-ақ Еркенің сөзінше, Раим оған гүлмен қоса жеткізуші арқылы бір қорап құлпынай жіберген.

"Ұйқымнан тұрып, құлпынай жейін деген едім. Күйеуім жеткізуші арқылы артық емес, кем емес алты құлпынай беріп жіберіпті. Рахмет", - деді отандық әнші.

Сонымен қатар Раим жеткізуші арқылы жіберген бір қорап құлпынайдың жанына "әкең көп ұзамай қайтып келеді" деген шағын хат қосқан.

"Кішкене шыда", - деп жазды Ерке Есмахан stories сипаттамасында күйеуінің Instagram парақшасын белгілей отырып.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034109-kiskene-syda-erke-esmaxan-kuieui-onyn-konilin-qalai-tabatynyn-aitty/