Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Zheka Fatbelly "сырға салудан" видео жариялап, әйелінің түрін жасыруға қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жеңіс Омаров
Блогер Жеңіс Омаров келіншегімен. Фото: instagram.com/zheka_fatbelly

Zheka Fatbelly деген атпен танымал қазақстандық блогер Жеңіс Омаров келіншегіне "сырға салу" рәсімінде түсірілген видеоны бөлісті. Блогер әйелінің жасырылған жүзі туралы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Блогер Жеңіс Омаров осыған дейін де өміріндегі маңызды отбасылық қадамдарын бөліскен болатын.

Zheka Fatbelly Instagram-дағы парақшасында енді анасының келініне сырға салған сәтін жариялады.

Сонымен қатар оқырмандарынан барлық фото-видеолардың астына келіншегінің жасырынған бет-жүзі туралы жазбауды сұрады.

"Мен жаза кетейін, енді ешкім жасырынған бет-жүзі туралы жазбасыншы. Біз үшін осылай ыңғайлы, солай шештік. Осылай қабыл алыңыз және біз үшін қуаныңыздар!", - деп жазды блогер.

Айта кетейік, Zheka Fatbelly сүйіктісімен заңды некесін қидырғаны туралы жазған едік.

Осыған дейін блогер жұбайына 2000 дана раушан гүлін сыйлап, тосынсый жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034143-bloger-zheka-fatbelly-syrga-saludan-video-zariyalap-aielinin-turin-zasyruga-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel