Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзіме шөп салды": екі баласы бар Элизат Берікова күйеуінен ажырасып кеткен кезін еске алды

Опубликовано:

Элизат Берікова
Элизат Берікова. Скриншот: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

"Лашын", "КешYOU" топтары арқылы танылған әнші Элизат Берікова отбасылық өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Екі ұл тәрбиелеп отырған ана "Мамский әңгіме" бағдарламасында бұрынғы күйеуі көзіне шөп салғаны үшін ажырасып кеткенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тойдың алдында мен екі ай бұрын жүкті болдым. Біз күтіп, арнайы дайындалмадық. Бірінші жүктілікте бес айдай токсикоздан қатты қиналдым. Жүктіліктің алтыншы айынан кейін бәрі жақсарды. Екінші жүктілігімде де токсикоз алты айға дейін созылды. Ол кезде бір балам бар, екіншісіне аяғым ауыр, өте қиын болды. Бірақ ол кезде анам көмектесті.

Бірінші баламда перзентханада үш күн жаттым. Екі баламның арасы бір жыл, 17 күн. Бірінші балам екі айлық болғанда, екінші сәбиімді көтергенмін. Екінші сәбиіме жүкті екенімді ай айлық болғанда бір-ақ білдім. Екінші сәбиімді уақытынан ерте босандым. Үнемі ауруханада жаттым. Үлкенімді енем қарап беретін. Екінші баламды да сегіз айлық қылып, кесарь тілігімен босандым. Балам өздігінен демала алмайды, өкпесі толық жетілмеген. Екеуімізді екі бөлек жансақтау бөліміне алып кетеді. Солай жиырма күн бойы балама барып жүрдім", - деді Элизат Берікова.

Сонымен қатар Элизат Берікова күйеуінен ажырасып кету себебін де ашып айтты.

"Бұрынғы күйеуім көзіме шөп салды. Ажырасуымызға осы себеп болды. Сол уақытта сұлулық салонын ашып, жинала бастадым. Ол кезде заңды түрде ажырасып кетпеген едік. Ол уақытта "Мүмкін ұмытылар", "Кешіре аламын" деп, ажыраспай жүрдік. Ал салон ашқаннан кейін, мен екі баланы алып, ата-анамның үйіне кеттім. Қазір тек балалар үшін араласамыз. Сөйлеспеймін, желіде тек хат жазамыз", - деді Элизат Берікова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034198-kozime-sop-saldy-eki-balaly-elizat-berikova-kuieuinen-azyrasyp-ketken-kezin-eske-aldy/

pixel