Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция жол ережесін бұзған көлік Қайрат Нұртасқа тиесілі екенін растады

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Жамбыл облысының ПД жол ережесін бұзған көлік шынымен де қазақстандық әнші Қайрат Нұртасқа тиесілі екенін растады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

"Видеода көрсетілген көлікті Қайрат Нұртас басқармаған. Көлікті бастығына асыққан жүргізушісі басқарған", - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Еске салайық, бұған дейін желіде Жамбыл облысында жол қозғалысы ережесін бұзған видео тараған болатын. Сонымен қатар желі қолданушылары бұл қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың көлігі екенін айтқан еді. Алайда, бұл ақпарат ресми түрде расталмаған еді.

"Бұл дерек Қордай ауданы "Алматы-Ташкент" тас жолының 215 шақырымында болды. Бұл құқықбұзушылықты жасағаны үшін Mercedes-222 маркалы көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601 яғни жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 10 мың 350 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп жазылды полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034320-policiya-zol-erezesin-buzgan-kolik-qairat-nurtasqa-tiesili-ekenin-rastady/

pixel