Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаматымнан айырылғаныма бір жыл болады": Ләйлә Сұлтанқызы жұбайының жылдық асын өткізді (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев былтырғы жылдың қарашасында өмірден өткен болатын. Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған жеріне беріп, жылдық асын берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы тележүргізуші Instagram парақшасында айтты.

"Уақыт деген жүйрік қой. Екі айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе, қатым құран оқылып, жылдық асы беріледі екен.

Зымыраған жүйрік уақыт десеңші. Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар мен ауылдастар құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034372-azamatymnan-aiyrylganyma-bir-zyl-bolady-laila-sultanqyzy-zubaiynyn-zyldyq-asyn-otkizdi-video/

pixel