Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші рет үйленген Қыран Талапбек әйеліне көлік сыйлады (фото, видео)

Опубликовано:

Қыран Талапбек жұбайымен
Қыран Талапбек жұбайымен. Скриншот: instagram.com/gulzada_tl

Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі жақында екінші рет шаңырақ көтерген болатын. Мобилограф Қыран Талапбек әйеліне су жаңа көлік сыйлап, тосынсый жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мобилографтың жұбайы Гүлзада Тұрлаш Instagram парақшасында видео жариялап, күйеуінің тосынсыйын көпшілікке көрсетті.

"Маған көлік сыйлады. Әлемдегі ең керемет күйеу, Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды Гүлзада Тұрлаш.

Видеодан Қыран Талапбектің алдымен әйеліне қызғылт түсті Geely Panda Mini көлігін сыйлап, пранк жасағанын байқауға болады.

Ал кейінірек мұның қалжың екенін түсіндіріп, ZEEKR 001 көлігін сыйға тартты.

Айта кетейік, Қыран Талапбек сыйға тартқан ZEEKR 001 көлігінің нарықтағы құны шамамен 25 млн теңгеден басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034412-ekinsi-ret-uilengen-qyran-talapbek-aieline-kolik-syilady-foto-video/

pixel