jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Образым деп өзімді ақтаймын": актриса Жазира Еркін фильмдегі әдепсіз көріністерге ата-анасы қалай қарайтынын айтты

    Жазира Еркін
    Жазира Еркін. Скриншот: "Менің өмірім" бағдарламасы

    Актриса Жазира Еркінқызы алғаш рет сұхбат беріп, жан сырын ақтарды. "Менің өмірім" бағдарламасында өнер иесі фильмдегі кей образына ата-анасы қалай қарайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама жүргізушісі актрисадан "Сіз ойнап жүрген рөлдер әр түрлі. Кейбірінде сәл әдепсіз көріністер кездеседі. Сол сәтте ата-анаңыз не дейді? Бұл рөлдерді қалай қабылдайды, ақылдасасыз ба?", - деп сұрады.

    Ал актриса бұл тек рөлі екенін айтып, ата-анасымен ақылдаспайтынын атап өтті.

    "Ақылдаспаймын. Ол да бір еркелігімнен шығар. Өзім білемін және әрине, берілген тәрбие бар. Ол менің өмірлік жолым емес. Мен ондай емеспін, ол менің образым, рөлім деп өзімді ақтаймын. Мен басында келісіп, фильмге түсіп аламын да, сосын уайымдаймын. Енді олар ертерек уақытта болды. Кейінгі кезде мен ондай рөлге түсіп жүрген жоқпын", - деді Жазира Еркін.

    "Образым деп өзімді ақтаймын": актриса Жазира Еркін фильмдегі әдепсіз көріністерге ата-анасы қалай қарайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.