"Екі рет ота жасалды": актриса Сара Амангелді дерті жайлы жан сырын ақтарды (фото)
Жарияланған күні:
Актриса, әнші Сара Амангелді ел білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі бала кезінен құлағы ауыратынын Instagram парақшасында ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Кішкентай кезімнен құлағым ауырады. Екі рет ота жасалды, сонда да әлі ауырады. Онсыз да дұрыс естімеймін. Сол үшін намыстанып жылаймын.
Дәрігерім "Қалай ән айтып жүрсіз" деп таңғалады. Сәл құлағым ауырса, қатты күйзеліске түсіп кетемін. Естімей қаламын деп қорқамын. Әлеуметтік желіден көрінбей кетуімнің себебі осы", - деп жазды Сара Амангелді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034433-eki-ret-ota-zasaldy-aktrisa-sara-amangeldi-derti-zaily-zan-syryn-aqtardy-foto/