Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізге танымал актриса "Барыстың" үздік ойыншысына тұрмысқа шықты

Опубликовано:

Адина Бажан мен Батырлан Мұратов
Адина Бажан мен Батырлан Мұратов. Скриншот: NTK арнасы

Белгілі актриса Адина Бажан тұрмыс құрды. Оның таңдауы "Барыс" ойыншысы Батырлан Мұратовқа түскен, деп хабарлайды NTK Entertainment бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

25 жастағы Адинаның таңдауы Батырлан Мұратовқа түскен. Актрисаның айтуынша, жолдасы оны үнемі қолдап, мамандығына да үлкен сыйластықпен қарайды.

Адина Бажан "Қарлығаштың ұясы", "Ессіз ғашық", "Алғашқы махаббат" картиналары арқылы халыққа танымал.

Ал 24 жастағы Батырлан Мұратов Қазақстан құрамасы мен "Барыс" хоккей клубының ойыншысы.

Еске сала кетейік, Адинаның ғашығы кинопремьералардың бірінде сүйіктісін қолдап келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034450-elimizge-tanymal-aktrisa-barystyn-uzdik-oiynsysyna-turmysqa-syqty/

pixel